Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазақстандық дәріханалар жаздың алғашқы 2 аптасында 10 миллиард теңгеден астам табыс тапқан.
Комитет бұл сома тек онлайн бақылау кассалық машина (БКМ) деректеріне ғана негізделгенін атап өтті. Ревизорлардың айтуынша, нақты сома бұдан әлдеқайда жоғары: фармацевтикалық бизнеспен айналысатындардың көбісі өз табыстарын жасырады.
Мемлекет бойынша "дәріхана" қызмет түрін көрсете отырып, барлығы 3 527 кәсіпкер, 7 674 онлайн-БКМ тіркеген. Онлайн-БКМ енгізу салық есептілігін күтпестен, айналымдар сомасын ғана емес, өткізілген тауар, жұмыс немесе қызмет үшін есеп айырысу кезінде оны қолданбайтын кәсіпкерлерді де мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Мысалы, 868 дәріхана иелерінің онлайн-БКМ қолданбайтыны аңықталды, бұл ретте олар өз қызметін тоқтатқан жоқ. Жалпы, 3 527 дәріхананың ішінен 60% немесе 2137 дәріхана нақты айналымдарын көрсетті.