Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біздің бүгінгі кездесуіміздің символдық мәні зор. Биыл Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) құрылғанына 30 жыл толды.
Қор құрылғаннан бергі уақыт аралығында трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану, Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу мәселелері бойынша аймақтық ынтымақтастықтың маңызды институтына айналды.
Орталық Азияның қауіпсіздігін, тұрақтылығын және орнықты дамуын қамтамасыз ету ісінде Қор зор рөл атқарады. Бұған қоса ХАҚҚ – халықаралық аренада Орталық Азияның субъектілігін танытатын аймақтық ынтымақтастықтың санаулы табысты механизмдерінің бірі»,- деді Мемлекет басшысы.
Жиында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев сөз сөйледі.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;
2. Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
3. Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
4. Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.