Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Халықаралық зияткерлік олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі?
Жаңалықтар

Халықаралық зияткерлік олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі?

10.08.2023
1 мин
0
505
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Биыл қазақстандық оқушылар халықаралық додаларда 228 медаль жеңіп алды. Осыған орай, алтын медаль алған мектеп оқушыларына 1500 АЕК, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал жүлдегерлерді зияткерлік сайысқа дайындаған ұстаздарға біржолғы сыйақы белгіленген, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жүлдегерлер төмендегі олимпиадалар бойынша ел қанжығасына 23 алтын, 71 күміс және 134 қола медаль байлады:


• Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы;
• Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы;
• Математикадан Балкан олимпиадасы (BMO);
• Химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы;
• Физикадан Азия олимпиадасы (APHO);
• Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасы;
• Математика, физика және информатикадан Жәутіков олимпиадасы;
• Жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасы (JBMO);
• Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO);
• Географиядан Еуропалық олимпиада (EGeo);
• Еуропалық физикалық олимпиада (EuPho);
• Әл-Хорезми атындағы математикадан халықаралық олимпиада;
• Әл-Бируни атындағы химиядан халықаралық олимпиада;
• Болгарияның математикадан халықаралық жарыстары және сол сияқты бірқатар құрлықтық олимпиадаларға қатысты.

«Сонымен қатар, 23 оқушы ең беделді бес IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO халықаралық олимпиадаларында 19 медаль жеңіп алды. 10 қыркүйекке дейін географиядан халықаралық олимпиада (IGeO) және информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) сияқты тағы екі ірі олимпиадаға қатысу жоспарланып отыр. 2022 жылы алғаш рет жоғарыда аталған жеті олимпиаданың жеңімпаздары 73 миллион теңгеден астам сыйақы алды. Сондай-ақ оларға мемлекетіміздің жоғары оқу орындарында білім алуға грант бөлінді»,- делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, биыл ел намысын 737 оқушы қорғаған. Жыл соңына дейін тағы да бес халықаралық олимпиадаға қатысу жоспарлануда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл