Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Ләззат Қожахмет несиеге қатысты ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, халыққа жоғары процентпен несие берген банктерді жазалау керек.
Қазіргі уақытта карантин жағдайында шамамен 13 млн азамат қарыз алып, банкке несиесін төлей алмай отыр. Азамттардың шоттары бұғатталып, несиеге қосымша процент қосылуда.
«Әрине, есепсіз несие алған адамдар тарапынан да кінә бар. Десе де бұл жерде банктерден де сұраныс болу керек. Жұмыссыз, ай сайын зейнетақы қорында салымы жоқ, төлем қабілеті расталмаған адамдарға несие берген банктерді анықтау керек. Олар тікелей адамдардың тұрмыс жағдайының төмендеуіне себепкер. Сол себепті де ондай банктерге жаза қолдану керек», - деді Ләззат Қожахмет.
Тағы көру