Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде халықтың артық ақша жинауға жағдайы жоқ, өйткені халықтың табысы жартылай "желініп жатыр". Парламент мәжілісінде баяндама жасаған есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Наталья Годунова халықтың табысы 5,5 пайызға өскенін атап өтті.
"Бұл өте маңызды. Өйткені бізде халықтың нақты кірісі өспеген кездер болды", – дейді Годунова. Алайда, оның айтуынша, халықтың шығынында азық-түлік тауарларының үлесі 50 пайызға дейін артқан.
Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10 пайызды құрайды.
"Тіпті, Ресей мен Беларусьте бұл цифр азаматтардың табысының үштен бірінен аспайды. Бұл нені білдіреді? Халықтың табысы жартылай "желініп жатыр", сол себепті азаматтардың өз жинағын арттыруға мүмкіндігі жоқ", – деді. Оның айтуынша, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, негізінен, несиелеу есебінен қамтамасыз етіліп жатыр. Ал халықтың қарызға батуы әлеуметтік проблемаларға әкеп соғады.
Тағы көру