Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коронавирус пандемиясы: Цой жағымды жаңалығын бөлісті
Жаңалықтар

Коронавирус пандемиясы: Цой жағымды жаңалығын бөлісті

14.09.2021
1 мин
1
1979

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық өсімі 35 процентке төмендеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ке төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке, аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.

"ДДСҰ бағалауынша, республикада репродуктивті сан соңғы төрт апта бойы төмен, бұл пандемия бақылауда екенін көрсетеді және ауру жұқтыру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Министрдің мәліметінше, соңғы екі аптада 5 өңір "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысқан: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған 11 өңір "қызыл" аймақта.

Цой эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды азайту жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді. Төсек-орын қоры барлығы 12 211 төсекке қысқарған.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айжан 14.09.2021
Азайса екен.Тыныш омир сурсек екен!
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл