489.33
566.3
6.74
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Аймағамбетов докторанттарға қатысты маңызды өзгерісті жариялады
Жаңалықтар

Аймағамбетов докторанттарға қатысты маңызды өзгерісті жариялады

12.06.2026
мин
0
244

Қазақстанда грантпен докторантураны (PhD) тәмамдаған азаматтар үшін маңызды өзгеріс енгізілді. Енді олар міндетті жұмыс өтеу мерзімін тек жоғары оқу орындарында немесе ғылыми мекемелерде ғана емес, мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында еңбек ету арқылы өтей алады. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұған дейін қолданыстағы норма жас мамандардың мектептерде жұмыс істеуіне кедергі келтірген.

- Енді грантпен докторантураны (PhD) бітірген азаматтар мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс өтеу мерзімін өтей алады. Біз ұсынған авторлық түзетулер заң болып бекітілді, – деді депутат.

Бұрын докторантураны аяқтаған түлектер міндетті түрде жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істеуі тиіс болатын. Ал мектептегі қызмет бұл талапты орындау ретінде есептелмейтін.

Депутаттың сөзінше, бұл жүйе білім саласындағы нақты қажеттілікке сәйкес келмеген.

- Іс жүзінде біздің мектептерге және басқа да білім беру ұйымдарына дәл осындай терең білімі бар мықты PhD докторлары өте қажет еді. Бірақ қатал норманың кесірінен жас мамандар мектепке бара алмайтын, өйткені ол жақтағы жұмыс міндетті өтеу мерзімі ретінде есептелмейтін, – деді Асхат Аймағамбетов.

Жаңа заң арқылы бұл мәселе шешімін тапты. Енді PhD дәрежесін алған түлектер өз қалауынша мектептерде, колледждерде немесе басқа білім беру ұйымдарында жұмыс істей алады және бұл еңбек өтілі міндетті жұмыс өтеу мерзіміне толық есептеледі.

Депутаттың пікірінше, бұл өзгерістің екі негізгі артықшылығы бар. Біріншіден, мектептер мен білім беру ұйымдары жоғары білікті мамандармен толықтырылады. Екіншіден, түлектердің кәсіби таңдау мүмкіндігі кеңейеді.

- Мектептер мен білім беру ұйымдары мықты кадрлармен күшейеді. Балаларымыз заманауи зерттеушілерден тікелей дәріс алады. Сонымен қатар түлектер тек жоғары оқу орындарымен шектелмей, орта білім беру саласында да кедергісіз қызмет ете алады, – деді ол.

Бұл бастама ғылым мен білім арасындағы байланысты күшейтіп, мектептерге жаңа тәжірибе мен заманауи зерттеу мәдениетін енгізуге мүмкіндік береді. Өйткені мықты ғалымдар тек университеттерде ғана емес, мектептерде де аса қажет.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл