| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Халықаралық Immigration Index 2026 рейтингінің қорытындысы бойынша Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында қоныс аудару үшін ең тартымды бағыт ретінде танылды. Бағалау әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштердің кешенді талдауына негізделген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Америкалық Remitly компаниясы жариялаған Immigration Index 2026 халықаралық рейтингінде Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орынға ие болды. Зерттеу барысында елдердің қауіпсіздік деңгейі, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің сапасы, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, тұрғын үйдің қолжетімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейі секілді маңызды көрсеткіштер сараланған.
Рейтинг нәтижелері Қазақстанның өңірдегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және азаматтар мен көшіп келушілер үшін қолайлы жағдай қалыптастырып отырғанын көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, елдегі еңбек нарығының әлеуеті, инфрақұрылымның дамуы және өмір сүру шығындарының салыстырмалы түрде қолжетімді болуы оның тартымдылығын арттырады.
Зерттеу қорытындысы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделінің нығайып келе жатқанын және ТМД кеңістігінде өмір сүру мен жұмыс істеуге қолайлы мемлекеттердің бірі ретінде бағаланатынын айқындады.