488.59
564.37
6.79
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада есірткі өсірген таролог ұсталды
Жаңалықтар

Астанада есірткі өсірген таролог ұсталды

11.06.2026
мин
0
65

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тексеру барысында өзін таролог ретінде таныстырып, үйінде түрлі рухани тәжірибелер мен таро карталары арқылы бал ашу сеанстарын өткізген 54 жастағы қала тұрғынының пәтерінде шағын фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды.

Әйел құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру үшін жатын бөлмедегі шкафты арнайы жабдықтап, оған жасанды жарық шамдарын және өзге де қажетті құралдарды орнатқан.
Тінту барысында полиция қызметкерлері бірнеше түп марихуана бұтасын және оларды өсіруге пайдаланылған жабдықтарды анықтап, тәркіледі.
Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысы бойынша әйел адамның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Табылған өсімдіктер мен жабдықтар тәркіленді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланатынын ескертеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл