| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жетілдіру, балалардың құқықтарын қорғау және жемқорлықтың алдын алу бағытындағы заңнамалық өзгерістерді мақұлдады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше маңызды заңнамалық түзетулерге қол қойды. Құжаттар педагогтердің құқықтық мәртебесін нығайтуға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Заңнамалық өзгерістердің бір бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуді көздейді. Сонымен қатар педагог мәртебесіне қатысты нормаларға байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де бірқатар толықтырулар енгізілді.
Жаңа нормалардың мақсаты – аталған салалардағы құқықтық реттеуді жетілдіріп, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру.