Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кредит төлеу мерзімі тағы ұзартылды
Жаңалықтар

Кредит төлеу мерзімі тағы ұзартылды

23.06.2020
1 мин
6
1876

Елімізде кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдетілген шарттары бойынша несиені кейінге қалдыру немесе қарызды қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Әбілқасымова 16 наурыздан 15 маусымға дейін жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін несиелер бойынша төлемдердің мерзімі ұзартылғанын хабарлады. Осы кезеңде бұл мүмкіндікті 1,8 миллион адам немесе борышкерлердің 34 пайызы пайдаланған екен. Мерзімі ұзартылған төлемдердің сомасы - 268 миллиард теңге.

Сондай-ақ, оның айтуынша, несиені қайта құрылымдау үшін 12,4 мың ШОБ субъектілері жүгінді-бұл банктік несиелері бар ШОБ қарыз алушыларының 41,5 пайызы. Қайта құрылымдалған төлемдердің жалпы сомасы - 165 миллиард теңге.

"ТЖ режимінің аяқталуына қарамастан ШОБ кәсіпорындарының қызметі біркелкі емес және толық көлемде қалпына келген жоқ. Тауарлар мен қызметтерге сұраныс көлемінің қысқаруы байқалады, айналым мен ақшалай түсім төмендеді, демек алынған кредиттер бойынша міндеттемелерге қызмет көрсету мүмкіндігі төмендеді.

ШОБ субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары іске асырылып жатыр. 2020 жылғы 16 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін ШОБ субъектісі банкке немесе микроқаржы ұйымына қосымша қолдау шараларын ұсыну туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Кредиттік ұйымдар әрбір кәсіпкер бойынша оның қаржылық жағдайын, ТЖ мен карантиннің қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін және ШОБ субъектісінің қаржылық жай-күйін қалпына келтіру перспективаларын жеке бағалайды. Нашарлаған жағдайда қолдаудың екі бағыты ұсынылады", - деді Әбілқасымова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Ш
Шапағат 23.06.2020
Өзімде кішігірім той салоным бар еді , рестарандар ашылмай салондарда жұмыс болмайтыны белгілі , тағы үш айға отсрочка жасаса дұрыс болар еді
Жауап беру
Ш
Шапағат 23.06.2020
Өзімде кішігірім той салоным бар еді
Жауап беру
Л
Лаура 23.06.2020
Жеке тулгаларга да узартылдыма
Жауап беру
23.06.2020
Каспий де созама екен?
Жауап беру
Ф
Фариза 23.06.2020
Основной долг кайтарсакда. Болар еди
Жауап беру
А
Айгул 23.06.2020
Каспий банк тагы соза ма?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл