Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Таяуда қазақстандық 157 оқушы Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадаларына қатысады. Олар «Математика» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Аталмыш зияткерлік жарыстар математика ғылымдары саласындағы дарынды оқушыларды анықтаумен қатар, жарысқа қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамытуға бағытталып отыр.
«Қазақстаннан бұл олимпиадаларға жыл сайын 120-дан аса оқушы қатысады. 2003 жылдан бастап біздің олимпиадашылар 65 алтын, 182 күміс және 302 қола медаль жеңіп алды», - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Абай Дүйсен.
Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика секілді 38 ел қатысады. Ал, «Жібек жолы» олимпиадасында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің дарынды оқушылары бақ сынасады.
Еске салсақ, былтыр Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасына қазақстандық 131 олимпиадашы қатысып, 40-ы жүлделі орыннан көрінген болатын.
Фото: Egemen.kz