Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Көлік министрін қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Көлік министрін қабылдады

10.04.2025
1 мин
1
108
Сурет: Aqorda

Марат Қарабаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

➤ Негізгі көрсеткіштер:

Көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6% өскен; 

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалы 4,5 млн тоннаны құрады (өсім – 62%);

12 мың шақырым жол жөнделді;

Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарын жаңғырту аяқталды.

➤ Авиация және әуежайлар:

Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды;

Отандық әуе компаниялары 14,7 млн жолаушы тасымалдаған (өсім – 10%);

Әуежайларда 29,7 млн адамға қызмет көрсетілген (14% артқан);

Биыл Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашу жоспарланып отыр;

Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды.

➤ Теміржол секторы:

21 млн жолаушы тасымалданған (өсім – 3,9%);

125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады; 

5 ірі инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Президент: 

Қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы: 

• Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдетуді;
• Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейтуді;

• Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударуды;

• Ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейтуді; 

• Көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
8
87079923382-Шапазилова А Ж. 10.04.2025
Осынша артып отырса сан жағынан да сапа жағынан да жауапты басшылардың берген отчёты б/ша , енді неге билеттер қымбаттайды ; халық ;;орташа сы қайдан табады?"Өтірік ақпаратқа әбден үйренгенсіңдер.""Айта-Айта Алтайды, Жамал апай қартайды"-ның кері.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл