Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Миллиондаған шығын: Қазақстанда 5 мыңнан астам тасымалдаушы халықаралық бағытқа шыға алмай отыр
Жаңалықтар

Миллиондаған шығын: Қазақстанда 5 мыңнан астам тасымалдаушы халықаралық бағытқа шыға алмай отыр

27.11.2025
мин
0
412
Сурет: ЖИ

Қазақстанның көлік-логистика саласында дау шықты. Биылғы жылдан бастап Автомобиль көлігі комитеті 5 мыңнан астам отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсат бланкілерін беруді тоқтатып, кәсіпкерлердің балансында тұрған жүк көліктеріне бұғаттар (блок) қою арқылы, олардың халықаралық тасымалдарға шығуына шектеу қойды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кәсіпкерлердің айтуынша, шектеулер ресми түсіндірме немесе хабарламасыз енгізілген. Соның салдарынан компаниялар миллиондаған шығынға ұшырап, халықаралық серіктестер алдындағы міндеттемелерін орындай алмай отыр.

Заңгерлер не дейді?

Заңгер Сағи Ораздың айтуынша, комитеттің әрекеттері қолданыстағы заңнамаға қайшы.

- Қазақстандағы бірде-бір нормативтік актіде көлікті автоматты түрде бұғаттау қарастырылмаған. Тек рұқсат карточкаларын жоюды көздейді. Ал мұндай шараларды ескертусіз, тексерусіз қолдану дегеніміз — Конституция мен Кәсіпкерлік кодексін тікелей бұзу, — дейді ол.

"Ешкім жеңілдік сұрап отырған жоқ"

- Біз ешқандай жеңілдік сұрап отырған жоқпыз. Біз тек заңның сақталуын талап етеміз. Бүгін мыңдаған көлік себепсіз, түсініктемесіз бұғатталды. Ертең бұл кез келген бизнеске әсер етуі мүмкін, — дейді тасымалдаушылар өкілі.

Жалпы, бизнес өкілдері көліктерді дереу бұғаттаудан босатуды, комитеттің әрекеттеріне құқықтық баға беруді, кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді және орын алып отырған құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етеді.

Ал логистика нарығындағы сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам Қазақстанның транзиттік беделіне нұқсан келтіреді. Халықаралық серіктестердің сенімін жоғалтады. Экспорт-импорт тізбегінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл