Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министр қандай мамандардың жалақысы екі есе өсетінін айтты
Жаңалықтар

Министр қандай мамандардың жалақысы екі есе өсетінін айтты

05.06.2020
1 мин
4
885

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына жалақының 100 проценті көлемінде қосымша ақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері мәдениет және өнер ұйымдарында жұмыс істейтін 34 мың қызметкердің жалақысы 35-50 процентке өскен. Ал мәдениет және спорт саласындағы мамандырылған мектеп пен колледж педагогтарының жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 20 процентке көтеріліп тұрады. 

"Спорт саласындағы жаттықтырушы оқытушылардың, мұғалімдердің, төрт интернат-колледж бен спорт мектебінің жаттықтырушы оқытушыларының жалақысы көтеріледі. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100 проценті көлемінде қосымша ақы беріледі", - деді Райымқұлова бүгін онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Министрдің сөзіне қарағанда, допингке қарсы зертхана, ұлттық допингке қарсы орталық пен дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығының спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына да лауазымдық жалақыларына 100 проценттік ақы белгіленіп отыр. Осылайша, олардың жалақысы екі есеге артады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
А
Айгер 08.06.2020
Акимшиликте истейтиндердикин неге котермейди? Мугалимдер отпускаларын алып жатыр миллиондап. Бизше сонда?
Жауап беру
07.06.2020
Неге тех.персоналдардың табысын көтермейді,жылына бір рет беретін оздоровительныйда төленбейді...
Жауап беру
06.06.2020
Педогогтардықын 2023 жылға дейін өсірді,сонда карапайым мектептегі жұмысшылардыкын өсірмейді екен,мысалға лобаранттар есепшілер ,тех кызметкерлердікі
Жауап беру
А
Асхат 05.06.2020
Теміржолшылар айлығын неге көтермейді екен?қандай жағдай болсын,тоқтамай жұмыс жасайды..теміржолдын қай саласын тандасанда онайы жоқ...Қазақстан мұнайдан кейінгі үлкен компанияго...
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл