Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министр жалақы мөлшері қашан көтерілетінін айтты
Жаңалықтар

Министр жалақы мөлшері қашан көтерілетінін айтты

26.06.2020
1 мин
5
1630

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлеуметтік төлемдердің көлемі не себепті төмен екенін айтты.

Министр халыққа әлеуметтік көмек көрсету қажеттігін, сондай-ақ оның не себепті төмен екенін түсіндірді.

"Халықтың басым көпілішінің табысы төмен. Сараптама жасау барысында бір адамға шаққанда халықтың табысы 59 мың теңгеден аспай отыр", - деді Нұрымбетов халыққа есеп беру кездесуінде.

Министр әлеуметтік төлемдер тікелей салыққа байланысты екенін атап өтті. Ал халықтың жалақысы аз болғандықтан, сәйкесінше мемлекетке де салық аз түседі.

"Бәрімізді қамтамасыз етіп отырған – жұмыс істейтін азаматтар. Кезінде Маргарет Тэтчер айтқандай, "мемлекеттік бюджет" деген түсінік жоқ, ол – салық төлеушілердің ақшасы" деген. Сол себепті біз еліміздің жұмыс істеп жүрген азаматтарын қолдауымыз керек. Ресми мәлімет бойынша мемлекетте орта жалақының көлемі 200 мың теңгеден аспайды. Оның ішінде азаматтардың 77%-ы 200 мың теңгеден де төмен жалақы алады", - деді Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, ауылда жалақы 105 мың теңгеден аспайды. Жалақы мөлшері еліміздің әр аймағында әртүрлі. Мысалы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Түркістан облысында орташа жалақы 140-145 мың теңгеден көп емес.

"Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы тікелей үкіметке байланысы.  Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер саны 1 миллион 300 мыңдай. Былтыр дәл осы уақытта бюджеттік қызметкерлерге жалақы орта есеппен 30%-ға көтерілді. Осы жылдың басында дәрігерлерге, мұғалімдерге, әлеуметтік қызметкерлерге, мәдениет саласының мамандарына еңбекақыны көбейтті. Ал жеке секторда 5,5 миллион адам жұмыс істейді. Бұл жерде жалақының мөлшерін жұмыс беруші белгілейді", - дейді Нұрымбетов.

Айта кетейік, алдағы уақытта үкімет ең төменгі жалақыны көтеруді жоспарлап отыр.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
М
Мария 26.06.2020
Саламатсызба.мен жалгыз басты анамын.6 кун 12 саг жумыс жалакым 68мын.1,05ставкадамын.жалдамалы патерде турам оте аз.
Жауап беру
А
Айжамал 26.06.2020
Сәлеметсізбе 555м т қалай алуға болады көп балалы аналарға көмегіңіз керек алла разы болсын
Жауап беру
А
Акмейр 26.06.2020
Мен доплатаны косканда 84 мын аламын оскемен каласы
Жауап беру
Б
Бека 26.06.2020
Енди кашан котереди екен?
Жауап беру
Г
Гулмира 26.06.2020
Мен Туркестан каласынанмын балабакшада енбек акырын 100геде жетпейдт
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл