Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өткен жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын түсті. 48 келідегі Назым Қызайбай финалдық айқаста Ресей өкілі Юлия Чумгалакованы 5:0 есебімен жеңді.
Қазақстандық спортшы жекпе-жектің алғашқы минуттарында-ақ басымдық алып, қарсыласын дәл соққылармен есеңгіретті. Сонымен бірге ол қарсыласының соққыларынан шеберлікпен қорғана алды. Осылайша Назым үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұған дейін Назым әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы атанған (2014 және 2016).
Сонымен бірге Назым Қызайбай 2024 жылғы Париждегі Жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль алды.