Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін несие төлемін кейінге қалдыруға мүмкіндік беріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжілісте заң жобасын таныстырған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мерзімі өткен кредиттердің мәселесін реттеу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерді қосымша қорғау ұсынылып отырғанын айтты.
- Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін микрокредит пен қарыз бойынша телемдердің, мерзімін кем дегенде 3 айға шегеру, сондай-ақ ай сайынғы телемді 50 процентке және одан артық төмендету шаралары қарастырылган, - деді ол.
Сондай-ақ банк несиелерін мерзімінен бұрын өтеу үшін айыпақы өндіріп алу алынып тасталды. Шағын несиелер бойынша оны қайтармағаны үшін айыпақыларды қоспағанда, кез келген айыпақыны есептеуге тыйым салынады.