Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, келер жылға жұмыс жоспарын бекітті.
Оның айтуынша, ұстаздардың еңбекақысы жыл сайын 25%-ке артады. «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» марапатын алған мұғалімдерге ақшалай сыйлық берілді. Сондай-ақ ұстаздардың мәртебесін арттырып, тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша қосымша жұмыстар атқарылып жатыр.
«2019 жылы қала мұғалімдеріне жатақхана салынса, қазіргі кезде Қазақстан ипотека компаниясымен бірлесіп, бір мың әлеуметтік пәтер тапсырамыз. Ол баспаналарды алушылардың қатарында білім саласының қызметкерлері бар. Мұғалімдерге тұрғын үй сертификаттары тегін беріледі», - деді ол өзінің Instagram парақшасында.
Сонымен қатар, қала әкімі болашақ мұғалімдерді қолдау мақсатында қосымша гранттар санының артатынын атап өтті.
Тағы көру