Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Омикрон штаммы Қазақстанға бірнеше айдан кейін келеді - сарапшылар
Жаңалықтар

Омикрон штаммы Қазақстанға бірнеше айдан кейін келеді - сарапшылар

04.12.2021
1 мин
0
1180

Бір-екі айдан кейін Қазақстанға коронавирустың омикрон штаммы келуі мүмкін. Бірақ алдағы мерекелер жаңа штаммның таралуын тездетуі мүмін дейді отандық эпидемиологтар, деп хабарлайды Dauletten.kz “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, COVID-19 африкалық нұсқасы бар бірде-бір науқас жансақтау бөліміне түскен жоқ.

Қазақстан үкіметі коронавирустың жаңа штаммының пайда болуына қатты алаңдап отыр. Omicron Африкада анықталды және бір аптадан аз уақыт ішінде ондаған елдерге тарады.

"Оңтүстік Африка АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша жетекші елдердің бірі болып табылады.  АИТВ жұқтырған науқастардың денесінде вирус өте оңай мутацияға ұшырайды. Ол тұмау сияқты тарайды деп үміттенеміз, біз оның таралуын бәсеңдетуге болатыны сөзсіз, бірақ толық таралуының алдын ала алмаймыз", -дейді иммунолог Рафаэль Розенсон.

Дегенмен, иммунология мамандары жағдайға барынша оптимисттік ұстаныммен қарау керектігін айтады. Өйткені Omicron штаммының салдарынан реанимацияда жатқан науқастар туралы деректер әлі жоқ.

Сарапшының болжамы бойынша, Жаңа штамм бір-екі айдан Қазақстанға келеді.  Ғалымдар жаңа штаммның 13 мутацияға ұшыраған Delta штаммынан айырмашылығы, үш есе дерлік жұқпалы болуы екенін айтады.  

Сондықтан бетперде киіп, екпе алу маңызды. 

Қазақстандық дәрігерлерді алаңдататын тағы бір маңызды жағдай бар, Қыс мезгілінде барлық вирустар қайта қозады.  Қыс мезгілі COVID-19 вирусының таралуы мен дамуына қолайлы болып саналады.  Оның үстіне, желтоқсан айы мерекелерге толы. Бұл халық арасында жұқтыру деңгейін арттыруы мүмкін.

"Қолданылып жатқан карантиндік шаралар сақталуы керек. Қандай штамм болмасын барлық шаралар сақталуы керек. Әсәресе мереке күндері бұған ерекше мән берген жөн", - дейді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жеткшісі Гүлмира Құлмағамбетова.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл