Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары балабақшада тегін тамақтанып, барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, деп айтылған болатын. Оқу-ағарту министрлігі аталмыш тапсырманы орындағаны туралы есеп дайындады, хабарлайды Dauletten.kz.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ:
• 11 өңірде 100% тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді
(ШҚО, БҚО, Абай, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, СҚО, Ақмола, Қостанай облыстары)
• 9 өңірде мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бюджет бекітіледі
(Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы, Алматы облысы)
• 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда осал топ санатындағы отбасы балалары 100% қамтылады.
ОРТА БІЛІМ БОЙЫНША:
• 9 өңірде бастауыш сынып балалары 100% тегін тамақпен қамтамасыз етілген
(Атырау, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қызылорда облыстары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары)
• 8 өңірде мәслихат сессиялары өткізілді, қаражат бөлу туралы шешім қабылданды
(Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары)
Қостанай облысында бұл жұмыстар ішінара орындалды.
• 2 өңірде мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бастауыш оқушыларын 100% тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты бюджет бекітіледі
(Абай және ШҚО облыстары )
• 1-4 сынып аралығында 1 млн 500 мың бала оқиды, оның 58,6% тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Фото: Ақорда