| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде сабақ үстінде оқушылардың карта ойнауы тіркеліп, осы жағдайға байланысты әскери дайындық пәнінің мұғалімі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған жағдай әлеуметтік желіде таралып, қоғам назарын аударды.
Желіде жарияланған бейнежазбада сабақ барысында бірнеше оқушының карта ойнап отырғаны көрінеді. Сонымен қатар сынып ішінде тәртіптің бұзылғаны, оқушылардың шулағаны байқалады.
Кадрларда мұғалім тарапынан нақты ескерту жасалмағаны және педагогтың телефонмен сөйлесіп, өзге істермен айналысқаны да көрсетілген.
Осы оқиғаға байланысты тиісті шешім қабылданып, әскери дайындық пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылғаны хабарланды. Оқушылардың ата-аналарына да ескерту берілген.
Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.