Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үндістан елінің Нью-Дели қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Додаға қатысқан атыраулық спортшы Ришат Галиахметов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп 95 келі салмақта гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Zakon.kz жазды.
Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі байрақты жарысқа әлемнің 13 елінен 234 атлет қатысып жатқанын хабарлайды.
"Атырау облысынан үш спортшымыз қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде 95 келіде Ришат Галиахметов әлем чемпионы атанса, енді екі спортшымыз Досқали Досқалиев 90 келіде, Алпамыс Айтмуханов 73 келіде бақ сынайтын болады" -, деді Аға жаттықтырушы Сергей Гридчин.
Бұл спорт түрімен атыраулық спортшылар, соның ішінде Ришат Галиахметов 10 жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді. Ол биыл Щучинск қаласында өткен Азия чемпионатында да алтын жүлдеге ие болған еді.