Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өзбекстан коронавирус пандемиясы салдарынан бәсеңдеп қалған туризм саласын жандандырудың амалын қарастырып жатыр. Ел президенті 19 маусымда тиісті қаулыға қол қойды. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеарнасы хабарлайды.
«Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік режимінің күшейтілген талаптарын қатаң сақтай отырып, туризм саласын дамытудың қосымша шаралары туралы» деп аталатын қаулы арқылы елде «Uzbekistan. Safe travel guaranteed» (Өзбекстан. Қауіпсіз саяхаттауға кепілдік) жүйесі енгізіледі.
Аталмыш жүйенің аясында Қауіпсіз туризм қоры құрылды. Қордан дағдарысқа қарсы 20 млрд сум бөлінеді.
Инновациялық денсаулық сақтау ұлттық палатасының төрағасы Равшан Изамов «Өзбекстан 24» арнасының тілшісіне берген сұхбатында жергілікті және шетелдік туристер Өзбекстанға саяхаттаудың қауіпсіз екеніне сенімді болуы керек екенін айтты.
«Егер шетелдік турист коронавирустық инфекцияны жұқтырса, оған 3000 доллар өтемақы төленеді. Бұл тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады. Туроператорлар карантин кезеңінде шетелдік туристерге тек «Uzbekistan. Safe travel guaranteed» жүйесінің тізіміне енгізілген нысандарда ғана қызмет көрсете алады», - деп хабарлады «Өзбекстан 24» тілшісі арнайы хабарда.