Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодарда борышкерлерден жеті миллион теңгеден астам қаржы өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖҚЕ бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттырып, сондай-ақ ағымдағы жылғы 14-18 маусым аралығында Павлодар облысының аумағында құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау мақсатында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Полицейлер әкімшілік айыппұлдар бойынша, соның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша берешегі бар құқық бұзушыларды пәтер бойынша аралау ұйымдастырылды.
"Екі күннің қорытындысы бойынша жеті миллион теңгеден астам қаржы өндіріліп алынды, тұрғылықты жері бойынша екі мыңға жуық борышкер араланды, жұмыс орны бойынша 700 мың теңге сомасына 45 қаулы жіберілді, 15 000 sms-хабарлама жіберілді, жүргізушілері айыппұлын елемеген 15 КҚ арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.