Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар облысында екі құс фабрикасы банкрот болуы мүмкін. Қазір кезде әкімшілік оларға жаңа инвестор іздеуге кірісті. Аймақта жұмыртқа мен құс етін өндіру көлемі күрт азайып кетті, деп хабарлайды Dauletten.kz AstanaTV арнасына сілтеме жасап.
Қызылжар құс фабрикасы осыдан тура бір жыл бұрын модернизацияға жабылған. Сол кезде 150 адам жұмыссыз қалды. Олардың ішінде Александр Курочкин да бар. Басында ол жұмыс орныма қайта барамын деп ойлаған. Бірақ қалада басқа жұмыс іздеуге тура келген.
"Ауылдан адамдардың кетпей отырғандығы осы құс фабрикасының арқасы еді. Жұмыс дәл үйдің жанында болғаны жақсы ғой. Қазір міне таңертең кетіп, кешке келеміз. Несі жақсы?", - дейді Курочкин.
Фабрика 2021 жылы құс етін арзандатылған бағамен ұсынғаны үшін мемлекеттен 140 миллион теңге субсидия алыпты. Былтыр модернизацияға жабылғаннан кейін де 6,5 млн теңге қаржылай қолдау көрсетілген. Себебі бұл кәсіпорын ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Ал "Шарбақты-құс" фабрикасы өнім көлемін бірден 50 пайызға азайтқан. Былтыр қаңтар айында 4 млн 600 дана тауық жұмыртқасы сатылымға шығарылса, биыл 2 млн 800 мың ғана жұмыртқа өндірілді. Себебі тауық саны 150 мыңға азайып кеткен. Оны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы да растап отыр.
"Жем-азықтың және басқа құрал-жабдықтардың күрт қымбаттауына байланысты біздің құс фабрикаларымыз осындай жағдайға түсті", - дейді бөлім басшысы Әсемгүл Бектұрова.
Екі құс фабриканың құрылтайшысы бір адам. Кәсіпкер қазіргі жағдайға байланысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Ал әкімдік бұл кәсіпорындарға жаңа инвестор іздеп жатыр.
Фото: syrboyi.kz