Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Ерлігі үшін» медалімен:
Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;
Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.
Еске салсақ, 1 тамызда Алматының Алатау ауданы, Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында 16 қабатты үйде өрт шыққан болатын. Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 300 адам эвакуациялады, 70-ке жуық адам құтқарылды. Алайда, өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шеккен болатын.