Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың жалақысы соңғы төрт жылда екі есе өскенін, білім саласына ерекше қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы ұстаздардың мәртебесін көтеру мен білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты.
- Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов "Мектептің жаны – мұғалім" деген. Біз өркениетті ел боламыз десек, ұстаздарға барынша жағдай жасауымыз керек, – деді Президент Тамыз конференциясында.
Оның айтуынша, 2019 жылдан бері білім беру саласының бюджеті үш есе артқан, 1200 мектеп ашылған, "Келешек мектептері" жобасы аясында 128 мектеп пайдалануға берілген.
- Соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өсті, 500 мыңнан астам мұғалімге үстеме ақы төленеді, – деп мәлімдеді Тоқаев.
Сонымен қатар педагог мәртебесін көтеру мақсатында арнайы заң қабылданып, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары тағайындалған.