Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде тегін ПЦР-тест жасауға 14 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
"Бөлінген ақша еліміздің емхана, стационар, медициналық ұйымдарына үлестіріледі. Әр медициналық ұйым жақын маңдағы зертханалармен келісімшарт жасайды. 14 миллиард теңге қаражат бөлінді", - деді Цой.
Министр тегін тестілеуге бөлінетін ақшаның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынатынын айтылып отыр. Қажет болған жағдайда сақтандыру қоры пулды жаңартады. Көрсетілген тест көлемі қаржыландырылады.
Сондай-ақ, вице-премьер Ералы Тоғжанов дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, дәріханаларға антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер жүйелі түрде жеткізіледі.
Алайда халық препараттардың бір айлық нормасын бірден сатып алып жатыр. Салдарынан дәрі тапшылығы мәселесі туындады.
Вице-премьер алдағы уақытта бұл мәселе толықтай шешілетінін айтты.