| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматының қақ ортасына ілінген Шоқан Уәлихановқа арналған баннердегі бірқатар қателер әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары жауаптылардың мұқият тексермегенін сынға алды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінде ілінген Шоқан Уәлихановқа арналған баннерден бірнеше қате анықталды. Бұл жағдайды қала тұрғыны әлеуметтік желіге жариялап, көпшіліктің назарын аударды.
Жазбада автор қала әкімдігінің мұндай өрескел қателікке жол бергеніне таңданысын білдіріп, баннер мәтінін дайындау және бекіту процесіндегі жауапкершілікке қатысты сұрақ көтерді.
Оқиға әлеуметтік желіде кеңінен тарап, жұртшылық арасында түрлі пікір тудырды. Көпшілік мұндай көрнекі материалдар жарияланбас бұрын мұқият тексерілуі тиіс екенін айтып, жауапты органдарды сынға алды.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігінен ресми түсініктеме күтілуде.