Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаржылық сауатты қалай арттыруға болады?
Қаржылық сауат

Қаржылық сауатты қалай арттыруға болады?

28.07.2020
1 мин
157
34897

Қаржылық сауат дегенде сізге қандай ой келеді? Санаңызда «Ол не екен?» деген сауал туған шығар немесе қаржы жөнінде сауатты болу қиын деп ойладыңыз ба? «Банк қызметкері емеспін, маған қаржылық сауатты болудың қажеті не?» деуіңіз де мүмкін. Ал шындығында, қаржы – қайда барсақ та алдымыздан шығатын, бізді қоршап жатқан ұғым. Сондықтан қаржы тұрғысынан сауатты болу өмірімізге оң әсерін тигізбей қоймайды.

Бұл мақалада ақшаңызды дұрыс басқарып, қаржылық тәуелсіз болуыңыз үшін қаржылық сауаттылықтың негіздерімен бөліскіміз келеді. Жалпы, қаржылық сауаттылық дегеніміз – қаржы, жеке жинақ және оны басқару тәсілдері жөніндегі білім деңгейі.

         Қаржылық сауаттылықтың ең негізгі ережелері

         Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін бес ереже бар:

  • Әрқашан тапқан табысыңыздан азырақ жұмсаңыз;
  • Қымбаттап жатқанды сатып алуға тырысыңыз;
  • Арзандап жатқанды мүмкіндігінше сатып алмаңыз;
  • Ең алдымен өзіңізді негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етіңіз;
  • Заттың бағасын ғана емес, оны ұстауға кететін шығынды да ескеріңіз.

Жоғарыдағы ережелерге сүйенер болсақ, бірінші кезекте тұрғын үй мәселесін шешу маңызды. Себебі жылжымайтын мүліктің болуы – басты қажеттілік. Бағасы жоғары болғандықтан, пәтер немесе үй сатып алу қиын екені рас. Десе де, тұрғын үй алуды бірінші орынға қою керек. 

Үй алғанда болашақта бағасы қымбаттайтынын таңдаған дұрыс. Оны тез арада, қымбат бағаға сатуға болатындай жөндеген жөн. Егер онда ұзақ тұруды жоспарламасаңыз, оған дизайнерлік жөндеу жасамай-ақ қойыңыз. Өйткені сату кезінде дизайнерлік жөндеу өтелмейді, тіпті пәтердің сатылуын қиындатуы да мүмкін.

Ақшаны қымбат автокөлікке немесе саяхатқа тұрғын үй, жақсы білім, денсаулық сияқты негізгі мәселелер шешілген соң жұмсаған орынды. Ал көлік алу мәселесіне келсек, оның құнынан бөлек, көлікті сатып алған соң оған жұмсайтын шығынды да алдын ала ойлау керек. Сіз бар жиған-тергеніңізді сарп етіп қымбат көлік алдыңыз делік, бірақ оның сақтандыруы, салығы, қымбат бөлшектері, қызмет көрсетуі мен аксессуарлары сізді сазға отырғызуы мүмкін.

Қаржылық мәселелерді шешуді неден бастау керек?

Негізгі ережелерден басқа қаржылық сауатты болуға және жиі ұшырасатын қателіктерге жол бермеуге көмектесетін қосымша ережелер де бар.

  1. Несие алу керек пе?

Несиені үш жағдайда алуға болады:

  • Тұрғын үйге;
  • Өндіріс құралдарына;
  • Емделуге.

Несиені автокөлікке, ойын-сауыққа, техникаға (егер ол жұмысқа қажет болмаса), киім-кешекке және тағы басқаға алуға, екі, үш және одан да көп несиені біріктіруге болмайды. Сондай-ақ жаңа несиені тек алдыңғы төлемді толық өтеген соң ғана алған дұрыс.

  1. Пәтер мен көліктің құны

Сіз алатын автокөліктің ең жоғары құны 12 ай мөлшеріндегі табысыңызға тең болуы керек. Мысалы, сіздің жалақыңыз 120 мың теңге болса, көлігіңіздің максималды бағасы 1 млн 440 мыңды құрайды. Мұндай көлікпен жүру тиімді болады, сізге қаржылық тұрғыдан жүк болмайды.

Ал тұрғын үйдің ең жоғары құны – 4 жыл ішіндегі отбасылық табыс. Мысалы, сіздің айлық табысыңыз 120 мың, ал жолдасыңыздікі 90 мың теңге деп алайық. Жиынтық табыс айына 210 мың, ал 4 жылдық табыстарыңыз 10 млн 80 мыңды құрайды. Ал бұдан жоғары бағада үй алғаныңыз – көрпеңізге қарамай көсілгеніңіз.  

  1. Қаржы резервтері

Кез келген адамда күтпеген жағдайларда жұмсауға болатын қаржы резервтері болу керегіне пандемияға байланысты карантин жағдайында тағы бір көз жеткіздік.

  • Резервтердің ең төменгі мөлшері – 6 айдағы кіріс.
  • Оңтайлысы – жылдық табыс.

Резервтердің осындай мөлшері уақытша қиындықтардан жеңіл өтуге немесе қажет кезде мамандық ауыстыруға мүмкіндік береді.

  1. Көп кездесетін қаржылық қателіктер

Қаржылық сауаттылықтың негіздері адамдар жиі ұрынатын қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Несиеден қалай құтылам, қарызды қалай қайтарам деп алаңдамайтын боласыз. Төменде жеке қаржысы бар адамдардың кең тараған қателіктеріне тоқталдық:

  • Тапқан ақшаңыздың бәрін жаратып тастайсыз, резервтер жиналмайды;
  • Жиі эмоция жетегінде бір затты сатып алып, кейіннен қолданбайсыз;
  • Қазір ала алатынды емес, әзірге сатып алуға мүмкіндігіңіз жоқ дүниені алғыңыз келеді. Нәтижесінде, несиемен сол дүниеге қол жеткізіп, несиені төлей алмай қиналасыз немесе ол затты алуды кейінге қалдырып, мүмкіндігіңізден нашар өмір сүресіз.

Қаржыны білу және жеке қаражатты басқара алу біртіндеп байып, қаржылық мүмкіндіктеріңізді кеңейтуге көмектеседі. Сондықтан Dauletten.kz-пен бірге қаржылық сауатыңызды арттырып жүріңіз.

Жансая ҚАМБАР

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
157 Пікір
Б
Бандагул 05.12.2021
Керемет айтылган,барынша унемдеуге тырысамм
Жауап беру
А
Айзат 29.11.2021
Көру керек екен
Жауап беру
А
Айзат 29.11.2021
Көру керек екен
Жауап беру
Ж
Жəудір 28.11.2021
ҚАЗІР НЕСИЕ ЖОҚ
Жауап беру
Ә
Әсел 28.11.2021
Жаксы екен
Жауап беру
М
Мәншүк 27.11.2021
Керемет
Жауап беру
Ұ
Ұлтуар 25.11.2021
Нүктесіне дейін айтылған екен,өте тамаша!
Жауап беру
Ә
Әлия 25.11.2021
Керемет айтылған! Келісемін және қолдануға дағдылануы керек
Жауап беру
А
Альдира 25.11.2021
Алдын алады дегенше талай адамдар ұрынып отырғой
Жауап беру
М
Мөлдір 25.11.2021
Өте дұрыс айтылып жазылған келісемін
Жауап беру
А
Алиса 22.06.2021
Бәрі дұрыс жазылған,келісемін
Жауап беру
Ж
Жанна 29.04.2021
Бұның бәрін ұрынбай тұрғанда оқығанымда шіркін
Жауап беру
Г
Гулмира 25.11.2021
Ия соны айтсаңызшы, әбден ұрындық, үйден айрылдық, пирамидаға құйып, машинаға кредит алдық.
Жауап беру
С
Самал Күнтуарқызы 24.04.2021
Менің де ойым осылай. Өте дұрыс айтасыз!
Жауап беру
М
Маржан 14.04.2021
Салеметсизбе.4 баланын анасымын.оте дурыс айтылган екен.бирак 10 ай болды жолдасым жумыста жок.4 баланын акшасымен отырмыз.70 мын тг .кандай комектер болады екен биздерге.
Жауап беру
А
Арай 15.04.2021
Асп ға тапсыруға болатын шығар
Жауап беру
Г
Гүлназ 14.04.2021
Өте сауатты түрде жеткізілген.
Жауап беру
Ж
Жанар 12.04.2021
Өте орынды айтылған
Жауап беру
Л
Лаура 12.04.2021
Өте орынды
Жауап беру
Ж
Жангали 11.04.2021
Толық келісемін
Жауап беру
Г
Гулжан 11.04.2021
Алғысым шексиз керек мағлумат
Жауап беру
А
Адас 11.04.2021
Өте дұрыс
Жауап беру
Г
Гулбагдат 11.04.2021
Оте орынды
Жауап беру
Қ
Қаршыға 11.04.2021
Керемет кеңестер рақмет
Жауап беру
Л
Ляззат 11.04.2021
Окып шыктым, өте керемет айткансыздар! Рахмет!
Жауап беру
М
Молдир 11.04.2021
Коп рахмет
Жауап беру
Ж
Жадыра 11.04.2021
Өте пайдалы кеңестер екен
Жауап беру
Г
Гульмира 10.04.2021
Көп рахмет
Жауап беру
Д
Динара 10.04.2021
Рахмет!
Жауап беру
о
оралгул 10.04.2021
осыны есептеміз ғой
Жауап беру
А
Айгерим 10.04.2021
Оте орынды тусиникти етип жазылган
Жауап беру
А
Асан 10.04.2021
Нагыз керек акпарат екен. Толык кайдан окуга болады?
Жауап беру
S
Sensay 10.04.2021
Мен зарплата аз болгасын, калаган затымды ала алмайтыныма, астымда машинам болмаганына киналмын
Жауап беру
Г
Гульмира 10.04.2021
Әрекетке Берекет Кітабыңыздағы керек мәлімет
Жауап беру
Ф
Фарида 07.03.2021
Қаржылық қателіктер менде бар,ойлву қабілетім жоғарыдағыдай,ал төмендегідей істеймін
Жауап беру
М
Макпал 05.03.2021
Өте пайдалы пікір
Жауап беру
А
Аяулым 03.03.2021
Окыгым келеди
Жауап беру
Г
Гулжамила 03.03.2021
Жаксы
Жауап беру
Ш
Шынар 02.03.2021
Оте керемет,пайдалы пост
Жауап беру
С
Самал 01.03.2021
Керемет,пайдалы пост!
Жауап беру
М
Мақпал Лепесовп 28.02.2021
Өте таиаша айтылған! Міне отбасымызбен отырып, барлығын оқып бердім.Дәулеттің болғаны қандай керемет!! Көзімізді ашып, шұқып көрсетіп жатыр
Жауап беру
Л
Ләззат 28.02.2021
Өте керемет ақпарат! Көп рахмет,Алла разы болсын! Білмегенімізді біліп жатырмыз
Жауап беру
Ф
Фарида 27.02.2021
Мектеп оқушыларына парақша ашып,қаржылық сауат үйретсең жақсы болар еді.
Жауап беру
Н
Нұржанат 27.02.2021
Керемет мен үй алдым қаржылық сауаттылаық аз болды мен өте хымбат алдым жсб банктен 2019 да
Жауап беру
Ф
Фатима 27.02.2021
Керемет,рахмет сізге көп мағлұматтармен бөлісіп тұрасыз,аллам отбасыңызға амандық,деніңізге саулық берсін
Жауап беру
Ө
Өтебаева Нұргүл Орынбайқызы 27.02.2021
Керемет, білгенімізден білмегеніміз көп екен рахмет. Дәулеттің осындай кеңестерін оқу арқылы ақшаны үнемдеуді жинауды жайлап үйреніп келе жатырмын
Жауап беру
Х
Хабиб 27.02.2021
АЛЛАразы болсын нагыз мендегі жағдайларды дөп басып айттыныз, оқып отырып өз қателігімнен сабақ алып отырм
Жауап беру
Е
Еркежан 27.02.2021
Билгенимиз 9, билмегенимиз 99.
Жауап беру
К
Курмет 27.02.2021
Дәулеттің кеңесін оқып отырамын ақша жинай бастадым аллаға шүкір өмір керемет!!!!
Жауап беру
А
Айнур 27.02.2021
Керемет. бурын акшаны жинаушы едик,казир Бир жинай алмаймыз ойкени кымбат бары,уйде 7 адамбыз зарплат 80-100 мын не кун корис
Жауап беру
М
Марина Абджаппаркызы 30.11.2020
Салеметсизбе.Табасым орташа,айтеур аш емеспиз.Жалгыз басты анамын.Бирак акша жинау,жумсауга сауатым жок
Жауап беру
Ф
Фариза 28.10.2020
Алла разы болсын. Нагыз ар казакка керек билим.
Жауап беру
Э
Эльмира 09.10.2020
Менде пікір емес өтініш.мен біреуге кредит апергенмін ақырғы екі айы қалды соны толемейді.мен заң органына жүгінсем болама менің оған дәлел жоқ бірақ.
Жауап беру
Д
Даниль 28.10.2020
Арине жугине алмайсын
Жауап беру
Н
Нұргүл 04.10.2020
құнды ақпарат,тағы білгіміз келеді
Жауап беру
А
Айдос 07.09.2020
Жаксы екен
Жауап беру
а
арнур 17.08.2020
Бұл сияқты көптеген білім беру сайттары бар fingramota.kz немесе zanimaem.kz
Жауап беру
А
Ақмарал 10.08.2020
Өте дұрыс айтылған
Жауап беру
С
Салтанат 09.08.2020
Білмейтініміз көп екен
Жауап беру
Е
Ерлан 08.08.2020
Осыны ар казак окып , каржылай сауатты болса екен.
Жауап беру
Ж
Жаманкараева жадыра 06.08.2020
Копбалалы отбасымын калай кредит алсам болады
Жауап беру
М
Мадина 05.08.2020
Рахмет пайдалы кеңес алдым
Жауап беру
А
Айтбаева Нұрлықыз 04.08.2020
Компитор қашан беріледі екен
Жауап беру
З
Зарина 03.08.2020
Рахмет ,пайдалы кенестеринизге, коп-коп
Жауап беру
З
Зарина 03.08.2020
Рахмет ,пайдалы кенестеринизге, коп-коп
Жауап беру
Ф
Фатима 01.08.2020
Рахмет көп көп
Жауап беру
Г
Гулдана 31.07.2020
Кеңесіңізге рахмет!!!
Жауап беру
А
АКЕРКЕ 30.07.2020
Ракмет
Жауап беру
А
Айгүл 30.07.2020
Кеңесіңізге рахмет!
Жауап беру
А
Амангуль 30.07.2020
Оте пайдалы кенес.Кенесинизге Рахмет!
Жауап беру
А
Айжан 29.07.2020
Өте дұрыс айтылған ой кеңесіңізге рахмет
Жауап беру
А
Асылгул 29.07.2020
Кеңесіңізге рақмет!
Жауап беру
А
Алмагул 29.07.2020
Дурыс керемет керек өте пайдалы кеңес рахмет Алла разы болсын!
Жауап беру
А
Алмагул 29.07.2020
Дурыс керемет керек өте пайдалы кеңес рахмет Алла разы болсын!
Жауап беру
Г
Гульнар 29.07.2020
Акысыз мундай акпарат алу кимге унамасын.Алла разы болсын.
Жауап беру
Е
Ерсұлтан 29.07.2020
Керемет екен
Жауап беру
Ж
Жиенгельдинова Айнур 29.07.2020
Жаксы керемет ең керек өте пайдалы кеңестер рахмет
Жауап беру
С
Сәуле 29.07.2020
Мақаланы оқып шықтым өте пайдалы ақпарат. Расында қаржылық сауат жағыган ақсап тұратынымыз рас осындай ақпараттар жиі шығып тұрса браз адамға пайдасы тиетіні анық
Жауап беру
Ш
Шынар 29.07.2020
Акпарат өте пайдалы, Рахмет
Жауап беру
К
Кымбат 29.07.2020
Рахмет
Жауап беру
К
Кымбат 29.07.2020
Даулет аганы коп тындаймын сабагына катысалмаймын бирак
Жауап беру
Ш
Шынар 29.07.2020
Акпарат өте пайдалы, Рахмет
Жауап беру
С
Сандугаш 29.07.2020
Керек акпарат.Рахмет
Жауап беру
Б
Ботакоз 29.07.2020
Өте дурыс айтылған жарайсвз
Жауап беру
Г
Гүлназ 29.07.2020
Керемет! Тиімді ақпарат болды.
Жауап беру
И
Индира 29.07.2020
оте орынды жане сапалы мыкты айтылган менің каржылык сауатым томен уйренетин мол екен Даулеике көп рахмет
Жауап беру
С
Светлана 29.07.2020
Дәулет мырза сіздің өз рйыңызбен шынайы болса екен деп жүргеніңіз көрінеді бірден, сізге де отбасыңызға жақсылықтар екі еселеніп келсін!!!
Жауап беру
Ә
Әсем 29.07.2020
Керемет!! Ақпарат рахмет сізге Дәулет мырза
Жауап беру
Г
Гулнара 29.07.2020
Рахмет Алла жумысызга береке берсин
Жауап беру
G
Gulzat 29.07.2020
Шынындада өте күрделі мағлұмат береді рахмет
Жауап беру
Н
Назгул 28.07.2020
Даулеттенмен акыл кеңес алайын деп едим
Жауап беру
А
Айгул 28.07.2020
Оте кажетти магулмат алдым. Кунделикти омирде жиберетин кателиктерге жауап бердиниз. Рахмет.
Жауап беру
Д
Дина 28.07.2020
Дұрыс айтасыз, қаражатты ұрыс басқара білу әркімнің де қолынан келе бермейді. Есесіне шығынға батып, қарызданып қиналады. "Базары жақын байымас"- дегендей қаржылық қателіктерге бой алдырмауға тырысқан абзал.
Жауап беру
Б
Батпа 28.07.2020
Өте анық және түсінікті.
Жауап беру
П
Перизат 28.07.2020
Оте керемет айттыңыз .Уйге машинага кредит аламызба деп ойлар жур едик.колик казирше алмаймын деп шештим .рахмет сизге
Жауап беру
Ж
Жадыра 28.07.2020
Пайызсыз несиеге техника алып тұрам. Аяқтаған соң тағы біреуін. Өзіме тиімді. Кейбіреулер бір банктен алып бір банктегі кредитін жауып жатады. Соларға таңғалам.
Жауап беру
А
Ардақ 28.07.2020
Несие алуды ұнатпаймын өзім жұмыссызбын бес балам бар. Денсаулығымда жоқ
Жауап беру
Г
Гүллала 28.07.2020
Дұрыс айтасыз
Жауап беру
С
Сара 28.07.2020
Сәлеметсіз бе! Каржы аз болса калай уй алуга болады
Жауап беру
Д
Дамира 28.07.2020
өте орынды келісемін
Жауап беру
Б
Баян. 28.07.2020
Келісемін. Дұрыс айтасыз. Тыңдауға әзірмін.
Жауап беру
М
Мансур 28.07.2020
Баспаналы болғым келеді бірақ табысым аз банк арқылы үйді қалай алсам болады?
Жауап беру
З
Зоя 28.07.2020
Оте дурыс айтасыз
Жауап беру
З
Зоя 28.07.2020
Ж
Жауап беру
Н
Нұрзада 28.07.2020
Негізгі несиеге жолағым келмейді. Тек өзіме сенем балдарымды жеткізуім керек.
Жауап беру
И
Ильмира 28.07.2020
Бизнес бастауга кредит алса олда дурыс емеспа?
Жауап беру
Р
Рахила 28.07.2020
Оқыған сайын қызығып,ары қарай білуге құлшынысым арта түсті! Пайдалы дүниелер екен.
Жауап беру
А
Айгүл 28.07.2020
Менің негізгі өмір сүру салтым осылай,пайдасы көп зияны жоқ керемет
Жауап беру
О
Орынша 28.07.2020
Құнды дерек алдым
Жауап беру
Г
Гулмира 28.07.2020
Құнды деректер алдым рахмет Дәулет
Жауап беру
М
Молдир 28.07.2020
Даулет сиз сиякты адал жандар кобейе берсн
Жауап беру
А
Анифа 28.07.2020
Өте керемет
Жауап беру
Б
Ботагоз Сағындыққызы 28.07.2020
Даулет айналайын сенен көп мағлұматтар алдым. Ұзақ жаса. Өзің білгенді жұрт пен бөлісіп отырасың рахмет. Алла разы болсын саған
Жауап беру
Э
Эльмира 28.07.2020
Өте дұрыс айтасыз
Жауап беру
Л
Лаззат 28.07.2020
Мен 12жылдан беры патерде турамын соган комек корсетыншы
Жауап беру
Г
Гулмира 28.07.2020
Дурыс айтасыз
Жауап беру
Э
Эльвира 28.07.2020
Рахмет көп
Жауап беру
Г
Гулбаршын 28.07.2020
Өте керемет тусіндіріп жатырсыз. Білмейтін нәрсеміз көп екен. Рахмет сізге халыққа көп көмегіңіз тйіп жатыр. Алла разы болсын
Жауап беру
А
Айнур 28.07.2020
Иа дурыс айтасыз.Алланын нуры жаусын Рахмет.Коп манызды нарселерди жиберип жатырсыздар.
Жауап беру
А
Айгул 28.07.2020
Керемет . Оте орынды
Жауап беру
Р
Рауза 28.07.2020
Алла өзі жар болсын!Халыққа пайдасы тиер керемет....
Жауап беру
Қ
Қатира 28.07.2020
Өте орынды эмоцияға беріліп, көрсе қызарлық танытып ұрынып жатамыз . Кейін пайда аспай тұрады.
Жауап беру
Қ
Қатира 28.07.2020
Өте орынды эмоцияға беріліп, көрсең қыздарды танытып ұрысып жазамыз. Кейін пайда аспай тұрады.
Жауап беру
А
Айкерим 28.07.2020
Сизге Аллам денсаулык берсин,оте орынды пикирлер.
Жауап беру
А
Айжан 28.07.2020
Өте орынды айтылыпты.Менде солай ойлаймын.Ертеңін ойламаған еркектен без,бес күнін ойламаған әйелден без деген атам Қазақ.
Жауап беру
Ш
Шолпан 28.07.2020
Керемет. Келісемін
Жауап беру
С
Света 28.07.2020
Оқып шықтым жақсы түсінікті
Жауап беру
К
Күләнда 28.07.2020
Менің үйімді бир киси бермей қойған документ сол кисинин әйел атында болған еді. Мен кредит алып қайтадан үй тұрғыздык,күнама енді маған. Аларымды алып енді төлей алмай отырмыз. Карантинге байланысты
Жауап беру
К
Калампыр 28.07.2020
осыны жолдасыма түсіндіре алмай ақ қойдым, ол уже қымбат автокөлік алды, енді бар тапқаны сол көлікке кетуде
Жауап беру
У
Улпан 28.07.2020
Рахмет, пайдалы кенес бердиниз. Енди есте сактап журемиз
Жауап беру
Ж
Жайна 28.07.2020
орынды аитылган сөз рахмет Алла разы болсын
Жауап беру
Г
Гүлім 28.07.2020
Керемет түсінікті
Жауап беру
Г
Гулзира 28.07.2020
Қалай үй алу үшін. Ақша жинау?
Жауап беру
А
Айжан 28.07.2020
Керемет косыламын корпене карай косил деген точного
Жауап беру
Ф
Фарида 28.07.2020
Өте орынды айтылған.
Жауап беру
Қ
Қаламқас 28.07.2020
Керемет, пайдалы кеңестеріңізге рахметт.
Жауап беру
А
Айсулу 28.07.2020
Керемет
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл