| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері форумында саланы талқылады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Форумға 2 мыңнан астам қатысушы жиналды: ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдар өкілдері, инвесторлар, сала ардагерлері және аграрлық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер.
Шара аграрлық саланың дамуына, тәжірибе алмасуға және жаңа мүмкіндіктерді талқылауға бағытталған.
Тоқаев форум барысында инновациялық технологияларды енгізу, инвестициялық жобаларды қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды.