Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
QAZAQ AIR 2023 жылғы 31 наурыздан бастап көктемгі - жазғы рейстер кестесіне өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа маусымда әуекомпания өз маршруттық желісін кеңейтіп, өңірлер мен халықаралық бағыттардың көліктік қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Бұл жолаушыларға Қазақстан ішінде де, шетелге де ыңғайлы және тиімді әуе қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан бойынша бағыттар:
Астана – Алматы – Астана
Астана – Ақтөбе – Астана
Астана – Жезқазған – Астана
Астана – Талдықорған – Астана
Астана – Түркістан – Астана
Астана – Қостанай – Астана
Астана – Қызылорда – Астана
Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе
Атырау – Орал – Атырау
Халықаралық рейстер:
Астана — Омбы — Астана
Астана – Новосібір – Астана
Түркістан – Самарқан - Түркістан
Субсидияланған рейстер:
Астана – Петропавл – Астана
Алматы – Көкшетау – Алматы
Түркістан – Қостанай – Түркістан
Түркістан – Қарағанды – Түркістан
Жезқазған – Шымкент – Жезқазған
Жезқазған – Қарағанды – Жезқазған
Омбы мен Новосібірден ұшатын жолаушылар үшін Астанада Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Талдықорған, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Петропавл бағыттарына ыңғайлы түйісу рейстері қолжетімді.
Самарқаннан ұшатын жолаушылар Түркістан арқылы Астана, Қостанай мен Қарағандыға түйісу рейстерімен жете алады.
Билеттерді ресми сайттан flyqazaq.com, авиакомпанияның колл-орталығынан, сондай-ақ сату кеңселерінен сатып алуға болады.