Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылғы 1 мамырдан бастап QAZAQ AIR әуе компаниясы Астанадан Самарқанға жаңа бағыт ашады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл бағыт Түркістан арқылы ыңғайлы транзитпен жүзеге асырылады. Енді жолаушылар әлемнің ең көне қалаларының біріне саяхаттаумен қатар, Қазақстанның рухани әрі тарихи орталығы – Түркістанда уақыт өткізе алады.
Рейс кестесі:
• Бейсенбі:
IQ369 Астана 16:15 – Самарқан 20:00 (Түркістанда 1 сағаттық аялдама)
IQ510 Самарқан 21:00 – Астана 01:30 (Түркістанда 50 минуттық аялдама)
• Жексенбі:
IQ369 Астана 07:25 – Самарқан 11:00 (Түркістанда 50 минуттық аялдама)
IQ510 Самарқан 12:00 – Астана 15:30 (Түркістанда 40 минуттық аялдама)
Ыңғайлы кестенің арқасында жолаушылар Түркістанның басты көрікті жерлерін, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін тамашалап, содан кейін Орта Азияның ең көне қалаларының бірі – Самарқандқа аттана алады.
Бір бағытқа билет бағасы – 41 000 теңгеден басталады.
Түркістан мен Самарқанд – бұл біздің ортақ тарихымыз. Біз бүгін Орталық Азияның ежелгі қалаларының ерекше атмосферасын бір сапарда сезінуге мүмкіндік жасап отырмыз. Самарқаннан келген қонақтар енді Түркістан мен Астананы да көре алады. Түркістан арқылы ыңғайлы транзиттік әуе рейстері Қазақстан мен Өзбекстаннан келетін туристер үшін жаңа саяхат мүмкіндіктерін ашады, – деп атап өтті QAZAQ AIR Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әділбек Умралиев.
Қарағанды мен Қостанайдан келген жолаушылар үшін де Түркістан арқылы ыңғайлы түйісу рейстері қарастырылған, бұл саяхаттарды тиімді жоспарлауға және жолда уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Түркістаннан ұшатын жолаушылар үшін рейс кестесі:
• Бейсенбі:
Түркістан 19:10 – Самарқан 20:00
Самарқан 21:00 – Түркістан 21:50
• Жексенбі:
Түркістан 10:10 – Самарқан 11:00
Самарқан 12:00 – Түркістан 13:00
Бір бағытқа билет бағасы – 23 000 теңгеден басталады.
Қазақстандық әуе тасымалдаушы QAZAQ AIR канадалық өндірістегі заманауи De-Havilland Dash 8-Q400 ұшақтарымен қызмет көрсетеді, бұл жолаушыларға жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.