Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен АҚШ арасында ынтымақтастық жаңа деңгейге шықты
Жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ арасында ынтымақтастық жаңа деңгейге шықты

07.11.2025
мин
0
194
Сурет: жиында түсірілген

Тоқаев Ақ үйдегі «Орталық Азия – АҚШ» саммитінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңін басталғанын айтты, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент Джо Байденге кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, саммиттің өңірлік серіктестік пен халықаралық тұрақтылықты нығайтудағы тарихи рөлін ерекше атады.

- Сіздің парасатты және батыл саясатыңыз бүкіл әлемнің қолдауына лайық. Америка Құрама Штаттары халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолында маңызды рөл атқарып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент АҚШ ұстанымдарының Қазақстанның «Әділетті, Қуатты ел» құру стратегиясымен үндесетінін атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты сауда және инвестиция саласында 17 миллиард доллардан астам коммерциялық келісімдер жасалғаны хабарланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне ризашылығын білдіріп, елдің экономикалық, саяси және технологиялық позицияларының күшейгенін атады.

Қазақстан Президенті АҚШ-тың бітімгерлік бастамаларын қолдайтынын жеткізіп, келешекте Орта дәлізді дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолы» (TRIPP) жобасына ерекше назар аударды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл