USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

01.11.2021
1 мин
19
10622
Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

Қазақстанда күздің үшінші айы жаңашылдықтарға толы болмақ. Бүгіннен бастап мектеп оқушылары күзгі демалысқа шықты, бірқатар тас жол енді ақылы, ал денсаулық министрлігі ревакцинация науқанын бастауды көздеп отыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Қайта вакциналау науқаны

Денсаулық сақтау министрлігі қараша айының үшінші онкүндігінен халықты ревакцинациялауды жоспарлап отыр. Қайта вакциналау кезінде адамдарға вакцинаның тек бір дозасы егіледі.

"Коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң қосымша доза салдыру ұсынылады", - деген еді денсаулық министрі Алексей Цой.

Спутник V вакцинасын салдырғандар 9 айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе Pfizer вакцинасын ала алады.

Ал, керісінше, Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in вакцинасы егілгендерге 6 айдан соң векторлық Спутник V немесе м-РНК-вакцина (Pfizer) салынады.

Pfizer салғызғандарға алты айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе векторлық Спутник вакцинасын қайта салу ұсынылады.

Ақылы жолдар

1 қарашадан бастап Қазақстанда автокөлік жолдарының жеті учаскесі ақылы болады.

Олар:

  • Нұр-Султан – Павлодар,
  • Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке қарай),
  • Щучье – Көкшетау,
  • Қапшағай – Талдықорған,
  • Шымкент – Тараз,
  • Тараз – Қайнар,
  • Шымкент – Қызылорда.

Бұл учаскелердің тарифі қазіргі ақылы жолдардың бағасымен бірдей болады. Жолақы құны автокөлік түрі мен бағдар ұзақтығына байланысты.

Мысалы Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолымен жүретін жеңіл автокөліктер 380 теңге төлесе, автобустар үшін жол ақы 1 870 теңгеден 5 610 теңгеге дейін. Ал жүк көліктері үшін 1 870 теңгеден 9 380 теңгеге дейінгі аралықта болады.

Жол ақысын интернет-банкинг, төлем терминалдары, сондай-ақ SMS арқылы төлеуге болады.

Оқушыларда каникул басталды

Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсан аяқталды. Оқушылар бірінші қарашадан күзгі демалысқа шықты. Каникул тура бір аптаға созылады. Дүйсенбі, 8 қарашада балалар мектепке қайта оралады.

Келесі каникул – Жаңа жылда. Қысқы демалыс 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін созылады.

Ал көктемде 12 күн – 19 мен 30 наурыз аралығында демалады.

1-сыныптар үшін қосымша жеті күн демалыс берілген, ол 2022 жылдың 7-13 ақпанына тура келеді.

Магистратураға құжат қабылдау

Білім саласында тағы бір жаңалық бар. Бүгін, 1 қарашадан магистратураға түсу үшін екінші рет өткізілетін кешенді тестілеуге құжат қабылдау басталады.

Ол үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында тіркелу қажет. Құжат 1-15 қараша аралығында қабылданады. Кешенді тестілеу 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Тесті сәтті тапсырған үміткердің магистратураға бөлінген грантты ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Үміткерлер дәстүрлі түрде шет тілі, білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырады. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар адамдар автоматты түрде тестілеуден босатылады.

Мемлекеттік білім тапсырысы және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратура үшін 50 балды құрайды.

Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар 25 желтоқсанға дейін қабылданады. Магистратураға қабылдау 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов магистратураға оқуға қабылдау жылына екі рет өткізілетінін хабарлады. Жазда грантқа түсе алмағандар және бұрын кешенді тестілеу тапсырмағандар үшін күзде екінші мәрте кешенді тестілеу ұйымдастырылады.

Дизель отыны

Қараша айында Қазақстаннан бензин және дизель отынын шығаруға тыйым салу мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. Тыйым жарты жылға енгізіледі деп күтілуде. Бұйрық әзірге ресми түрде қабылданған жоқ, мемлекеттік органдарда талқыланып жатыр.

Қазір елдегі дизель отынының тапшылығы көп адамды мазалап жүр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, тамыз айының соңынан бері дизель қоры азая бастаған. Оған Қазақстанда жанар-жағармай бағасының төмен болуы да әсер етті. Жүк көліктерінің дені, "солярканы" Қазақстаннан құйып алуға тырысады.

Тапшылықпен күресу үшін үкімет бензин мен дизель отынын Қазақстаннан шығаруға тыйым салды.

Еуропаға әуе рейсі

4 қарашадан "Северный ветер" (Nordwind) әуе компаниясы Қазақстаннан Ресейдің Калининград қаласына рейстер ашады. Әуе рейсі апта сайын орындалады.

Калининградқа Нұр-Сұлтаннан (сенбі сайын) және Алматыдан (бейсенбі сайын) жетуге болады. Жолаушыларды Boeing-737 тасымалдайды.

Калининград облысы Еуропаның қақ ортасында, Польша мен Литва арасында орналасқан.

Аяқ киімді міндетті таңбалау

Қазақстанда 1 қарашадан бастап аяқ киім өндірушілер мен импорттаушылар тауарды міндетті түрде таңбалауы керек. Цифрлық Data Matrix коды жоқ аяқ киімдерді елге әкелуге тыйым салынады.

Бұл шара нарықтағы контрафактілік өнімдерді азайтады деген жоспар бар. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойынша аяқ киімнің көлеңкелі нарығы жалпы көлемнің шамамен 48,5%-ін құрайды. Міндетті таңбалаудың арқасында осы көрсеткішті төмендетуге мүмкіндік бар. Ал тұтынушылар Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы таңбаланған тауардың түпнұсқалығын оңай тексере алады. 

Егер кәсіпкер аяқ киімді таңбалап үлгермесе, оған мұндай тауарларды 2022 жылдың сәуіріне дейін сатуға мүмкіндік беріледі. Осы мерзімнен кейін таңбаланбаған аяқ киімдерді сатуға мүлде тыйым салынады.

Егер цифрлық таңбалау міндеті 1 сәуірге дейін де орындалмаса, кәсіпкер тауарды 2022 жылдың 1 қарашасына дейін таңбалауға міндетті болады.

Қазақстандық өндірушілер аяқ киімді өндірісте, яғни сатуға шығарылғанға дейін, ал импорттаушылар үшінші елдер аумағында немесе Қазақстанның кеден қоймаларында таңбалауға тиіс.

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
1325 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
19 Пікір
Айшолпан
Квартира кымбаттайдыма екен?
Жауап беру
Жабу
Шамшахар
Айлық табысы көтерілмей жатып,азық түліктің бәрі қымбаттап болды. Жаңа жылдан кейін тағы қымбаттаса сұмдық ғой. Қара халық қалай күн көреді. Бір кем дүния-ай. Заман не болып барады. Алла әр істің қайырын берсін.
Жауап беру
Жабу
Гүлмира
Онда бәрі қымбаттайды ғой,айналып келгенде қарапайым халық қиналатын болды ау!
Жауап беру
Жабу
Алгагул
Жол кымбаттаса азык- туликте кымбаттайды,сонда халык калай кун кореди,осындайдан каркшылыкта кобейеди,жумыссыздыкта коп,барин кымбаттатып кайда апарады ,маскара
Жауап беру
Жабу
Айгерим
Жол кымбаттаса, азык тулик кымбаттаса, кв кымбаттаса немиз калады? Тек сонда озимизге кун кору ушин жумыс истеймиз ба? Жумыс истемейтиндер каладагылар калай кун кореди сонда?
Жауап беру
Жабу
Жетписбай
Айлык жалакыны котерсин шет елдердикинди кылып сосын акылы кылсын а-то айлык осирмит калганын барин шетелдегидей кылгысы келет
Жауап беру
Жабу
Арайлым
Маскарагои жол акысы дегени неси ?..уят жок мына басшыларда.ми жок
Жауап беру
Жабу
Ай
Енді аяқкиімде қымбаттайтын болды ғой
Жауап беру
Жабу
Хабиб
Айлық көбейт кредить кешірлет деген типа, жаналыктар жоқпа кашан естимиз жаксы жаналык
Жауап беру
Жабу
Хабиб
Dinara
Сіздер сияқты бізде күтіп жүрміз сондай жаңалық
Жауап беру
Жабу
Гулнара
1 2 3 баласы барларға пасобия беру керек оларда бала ғой
Жауап беру
Жабу
Сако
Укимет халыкты емес , халык укиметти асырап отыр гой налогпен
Жауап беру
Жабу
Алмагүл
Қашу керек РК, сұмдық
Жауап беру
Жабу
Даурен
Көмір жоқ
Жауап беру
Жабу
Кенжегалиев Т
Ақылы жолмен камерадан түскен ақшаға төменгі жалақыны көтермекшіғой
Жауап беру
Жабу
Есенбек Гулнар
Қымбаттағанның көкесі енді болады екен ғой
Жауап беру
Жабу
Гуля
Осының бәрің қайдан білесіз
Жауап беру
Жабу
Бурхановна Камалова Роза
Кешен тест қай уақытта тапсырылады?
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл