Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 16,6 млн тонна астық бастырылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 16,6 млн тонна астық бастырылды

25.09.2025
мин
0
275

Қазақстанда 16,6 млн тонна астық бастырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 10,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 68,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 16,6 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 799,3 мың тонна майлы дақыл, гектарына 224,7 центнер өнімділікпен 1,9 млн тонна картоп және гектарына 298,2 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324,3 ц/га өнімділікпен 405,2 мың тоннадан астам қырыққабат, 412,2 ц/га өнімділікпен 731,2 мың тонна пияз, сондай-ақ 290,2 ц/га өнімділікпен 305,7 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл