Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өткізіледі. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ербол Мырзабосынов Будапешке сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді. Енді Қазақстанда Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігі ашылады.
- 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді. Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін, - деді министр.