Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облысында екі жоба таныстырылып, меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Жаңақорған ауданында қызанақ пастасын шығаратын зауыт салынады. Жоба 26,8 миллион еуроға бағаланған. Тамшылап суару әдісімен 3 мың га жерге қызанақ өсіріліп, жылына 15 мың тонна өнім шығару көзделген. Өндіріс 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, елімізде қызанақ пастасын өндіретін зауыт салу 2017 жылы жоспарланған еді. Сол уақытта жобаны іске қосу 3,85 млрд теңгеге бағаланған болатын.
Кезекті жоба - Шиелі ауданында жүзеге асырылады. Атап айтсақ, жаңбырлатып суару әдісімен 10 мың га жерге жоңышқа егу жобасы. Бұл жоба аясында 200 жұмыс орнын ашу көзделген.