Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда АӨК қаржыландырудың жаңа тәсілдері келесі жылы да жалғасады
Үкімет

Қазақстанда АӨК қаржыландырудың жаңа тәсілдері келесі жылы да жалғасады

23.10.2024
мин
0
61
Сурет: gov.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында АӨК қаржыландырудың жаңа тәсілдері туралы айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жұманғарин биыл көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген несиелер көлемі алғаш рет 3 еседен астамға артып, 580 млрд теңгеге жеткенін айтты. Осылайша, фермерлерге 5%-бен несие алуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар қайта өңдеу кәсіпорындарын айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды.

- Қаржыландырудың жаңа тәсілдері келесі жылы да жалғасады. Екінші деңгейдегі банктер арқылы арзан қарыз алудың жаңа тетігі енгізіледі, - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Жалпы, осы тетіктің арқасында егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. 

- Тауарлық субсидиялардан жеңілдетілген несиелеуге біртіндеп көшу жоспарлануда. Толық көшу 2028 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады, - деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл