Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда білім гранттарын бөлу процесі өзгереді

Қазақстанда білім гранттарын бөлу процесі өзгереді

03.09.2024
1 мин
1
903

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда білім гранттарын бөлу жүйесі өзгеретінін мәлімдеді. 

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру мақсатында атқарылатын шараларды тізіп берді.

"Алдағы уақытта гранттар университет кіретін лигаға байланысты сараланады. Яғни жоғары балл жинаған, бірақ оқуға түсу конкурсынан өте алмаған мектеп түлектеріне қолдау көрсету ретінде қарастырылады", – деді Дүйсенова.

Биыл грантқа байланысты дау туды. Үкімет су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің түлектеріне гранттың 20 пайызын бөлгендіктен, жоғары балл алғандар грантқа түсе алмай қалғандарын айтты.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан жоғары балл жинаған, білім грантына түсе алмаған талапкерлердің мемлекетте басымдығы жоқ мамандықтарға құжат тапсырғанын түсіндірді.

Сондай-ақ байқау қорытындысы бойынша мыңға жуық "Алтын белгі" иегері грант алмағаны белгілі болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Э
Эльмира 03.09.2024
Енді өзгертекеннен не пайда сонша балмен грант ала алмай қалды қызым????
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл