451.31
504.56
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда интернет-алаяқтық үш жылда 40% азайды
Үкімет

Қазақстанда интернет-алаяқтық үш жылда 40% азайды

12.10.2026
мин
0
63

Қазақстанда интернет-алаяқтыққа қарсы күрес күшейтіліп, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда елдегі интернет-алаяқтық фактілерінің саны 40%-ға азайып, мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткіші 29,9%-ға өсті. Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Үкімет Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ішкі істер министрліктері, Қаржы мониторингі агенттігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен жұмысы арқылы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруде.

Киберқауіпсіздік талаптары күшейтілді

Дербес деректер мен цифрлық инфрақұрылымды қорғау мақсатында заңнамалық талаптар күшейтіліп, ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздікке жауапкершілігі арттырылды. 2024 жылдан бері осы салада 648 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Оның 480-і ақпараттық қауіпсіздікке, 168-і дербес деректерді қорғауға қатысты болды. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік талаптарын іске асыру үшін 30-ға жуық заңға тәуелді акт қабылданып, тағы 10-ға жуығын қабылдау жоспарланған. Дербес деректерді өңдейтін ұйымдарға, соның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне де тиісті талаптар қойылады.

Ұлттық Антифрод орталығының жұмысы

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылда Ұлттық банктің Антифрод орталығы маңызды рөл атқарады. 2024 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеп келе жатқан орталық күдікті транзакцияларды жедел анықтауға және ұрланған қаражатты бұғаттауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта орталық банктерді, төлем ұйымдарын, мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, сондай-ақ байланыс операторларын қоса алғанда, 200-ден астам қатысушыны біріктіреді. Жүйе нақты уақыт режимінде тәулік бойы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Ұлттық банктің мәліметінше, екі жыл ішінде жүйеде 180 мыңға жуық күдікті оқиға тіркеліп, банктер 117 млрд теңгеден астам сомаға ұрлықтың алдын алған. Зардап шеккендерге 578,5 млн теңге қайтарылған.

Орталықта күдікті тұлғалар мен расталған алаяқтар туралы ақпарат қамтылған арнайы тізімдер де қалыптастырылған. Бұл олардың шоттары бойынша операцияларды шектеуге және жаңа заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері

Құқық қорғау органдарының деректеріне сәйкес, кең таралған алаяқтық схемаларына телефон арқылы алдау, жалған инвестициялық ұсыныстар, фишинг, хабарландыру сайттары мен әлеуметтік желілердегі алаяқтық, сондай-ақ онлайн-несиелерді заңсыз рәсімдеу жатады. Сонымен бірге қылмыскерлер жасанды интеллект технологияларын, соның ішінде дипфейктер мен дауыс клондау тәсілдерін пайдалана бастады. Олар банк қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары өкілдерінің немесе таныс адамдардың бейнесі мен дауысын қолдан жасап, азаматтарды ақша аударуға көндіруге тырысады. Өткен жылдан бастап Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Осы кезеңде 1 018 дерек тіркеліп, 364 адам жауапқа тартылған.

Азаматтарға арналған цифрлық қорғаныс құралдары

Интернет-алаяқтықтың алдын алуда азаматтардың цифрлық сауаттылығы да маңызды. Қазіргі уақытта халыққа жеке деректерді қорғауға және қаржылық алаяқтық тәуекелдерін азайтуға көмектесетін электрондық сервистер қолжетімді. Солардың бірі — eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасындағы «Стопкредит» сервисі. Ол азаматтарға өз атына несие рәсімдеуге тыйым салуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бұл сервиске 6,3 млн рет жүгінген.

Бұдан бөлек, NomadGuard платформасы деректердің ықтимал таралуын және фишингтік сілтемелерді анықтауға көмектеседі. Азаматтарға арналған білім беру ресурстары кибергигиена қағидаларын меңгеруге және онлайн-қауіптерден қорғану дағдыларын дамытуға бағытталған. Мамандар азаматтарға SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеуге, күдікті сілтемелерге өтпеуге, сайттардың түпнұсқалығын тексеруге және екі факторлы аутентификацияны қолдануға кеңес береді.

Осылайша мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы, цифрлық қауіпсіздік құралдарын дамыту және халықтың киберсауаттылығын арттыру Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күресудің негізгі бағыттары болып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл