Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда ипотека рәсімдеген азаматтар саны артып келеді
Жаңалықтар

Қазақстанда ипотека рәсімдеген азаматтар саны артып келеді

30.04.2021
1 мин
0
970

Елімізде ипотекалық несие көлемі бір жыл ішінде 514 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бұл сома 2,3 трлн теңгені құрады. Ал 2020 жылдың сәуір айында бұл көрсеткіш 1,8 трлн теңге болған. Осылайша, бір жыл ішінде ипотека көлемі 514,4 млрд теңгеге (+27,7%) өсті.

Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылдан бастап сатып алынған тұрғын үй қарыздарының көлемі бойынша алғашқы орында. Елордада 672 млрд теңге ипотекалық қарыз рәсімделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,8%-ке артық. Алматы қаласына тұрғын үй сатып алуға 549 млрд теңге (+21,5%),  Қарағанды облысына 144 млрд теңге (+43,5%) бөлінді.

2021 жылдың сәуір айының басында ШҚО-да 141,4 млрд теңгеге, Ақтөбе облысында 121,8 млрд теңгеге және Шымкентте 106,7 млрд теңгеге ипотекалық несие алынды.

Тұрғын үйге ең аз несие Жамбыл облысында 59,1 млрд теңгеге, СҚО-да 44,6 млрд теңгеге, Қызылорда облысында 34,5 млрд теңгеге және Түркістан облысында 4 млрд теңгеден астам сомаға берілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл