Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратып, халық арасында дүрбелең тудырғаны үшін 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы «Біз біргеміз» телемарафонында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов айтты.
«Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 2 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 7 адам, Астана қаласы мен Маңғыстау облысында 2 адам, Атырауда 1 адам және БҚО-да 1 адам жауапқа тартылды. Жалған ақпаратпен күрес жалғасып жатыр, мониторинг жүргізіп отырмыз», - деді Шыңғыс Алекешов.
Оның айтуынша, жауапқа тартылғандар көбіне гуманитарлық көмектің ұрланып, оны әкімдік өкілдерінің иемденіп жатқаны және кісі өлімі жөнінде қауесеттің таралуына себепшы болған.