Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда маска мен костюм шығаратын 7 кәсіпорын ашылды
Жаңалықтар

Қазақстанда маска мен костюм шығаратын 7 кәсіпорын ашылды

13.07.2020
1 мин
0
1179

Қазақстанда бетперделер мен қорғаныш костюмдеріне қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеті жаңа кәсіпорын іске қосылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Маска өндірісі

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 6 айға маскаларға қажеттілік 111,2 миллион дананы құрайды, денсаулық сақтау жүйесіне 82,4 миллион, ал мемлекеттік органдарға 28,8 миллион қажет.

"Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін республиканың барлық өңірінде медициналық маскалар мен тігін кәсіпорындары өндірісінің көлемі ұлғайтылды. Сондай-ақ, төрт жаңа өндірісті іске қосу есебінен медициналық және профилактикалық қорғаныш маскаларын шығару тәулігіне 1,1 миллион данаға дейін жеткізілді", - деді Ержанов онлайн брифингте.

Ол нәтижесінде жарты жылда 198 миллион дана бетперде шығарылатынын атап өтті. Соның 86,8 миллионы дәріханаларға жіберіледі.

Қазіргі уақытта отандық 9 кәсіпорын тәулігіне 490 мың дана бетперде шығарады.

Қорғаныс костюмін шығаратын үш өндіріс ашылды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қорғаныш костюмдеріне қажеттілік –  1,3 миллион, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесі үшін – 747 мың дана, ал мемлекеттік органдар үшін – 540 мың дана.

"Халық қорғаныш костюмдерін пайдаланбайды. Бұл қажеттілікті жұмыс істеп тұрған үш өндіріс көлемін ұлғайту және үш жаңа өндірісті іске қосу есебінен қамтамасыз етеміз", - деді Ержанов.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл