Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда медицина мамандары жетіспейді
Жаңалықтар

Қазақстанда медицина мамандары жетіспейді

04.04.2022
1 мин
4
5436

Елімізде медицина мамандары Атырау облысында аз. Өңірде бар болғаны 13,9 мың адам медицина саласында жұмыс істейді.

Медицина мамандары қайда көп?

Өңірлер арасында дәрігер болып жұмыспен қамтылған мамандар Алматы облысында көбірек – 68,7 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,7%-ға артық. Үздік үштікке Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы да кірді.

Ал әзірше депутаттар ауылдағы дәрігерлердің кадр тапшылығы мәселесін шешуді талап етіп отыр. Республикада дәрігерлердің тапшылығы 2020 жылмен салыстырғанда небәрі 38%-ға қысқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Әр аудандық ауруханада неонатолог, педиатр, кардиолог, ЛОР дәрігері және басқа да мамандар жетіспейді.

2021 жылдың төртінші тоқсанында қалаларда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандар саны 358,3 мың адам болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,6%-ға артық. Ал ауылдарда 190 мың адам ғана жұмыс істеді. Оған қоса жылына көрсеткіш – 6,5% ғана. Қалалардағы секторда жұмыспен қамтылғандар саны ауылдағы көрсеткіштен 88,6%-ға жоғары.

Дәрігерлердің айлығы қанша?

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы орташа айлық өткен жылы 246,2 мың теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғыдан 24,7%-ға артқан.

Өңірлік тұрғыда елордалық еңбеккерлердің табысы салыстырмалы түрде көбірек: 316,9 мың теңге. Оған қоса жылына 12,5% артқан. Үздік үштікке Алматы мен Атырау облысы да кірді.

Денсаулық сақтау саласында орташа айлық жалақы 251,5 мың теңге болып, бір жыл бұрынғыдан 24,1%-ға артқан. Соның ішінде ауруханалардың қызметкерлеріне орта есеппен 263,1 мың теңге, емдеу-стоматологиялық практика қызметкерлеріне 236,4 мың теңге, денсаулық сақтау саласындағы басқа да қызметкерлер 229,3 мың теңге алады.

2021 жылдың төртінші тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 548,3 мың адам жұмысқа орналасты. Бұл бір жыл бұрынғыдан 5,2%-ға артық. Салыстыру үшін: 2020 жылдың сәйкес кезеңінде сектордағы жұмыспен қамту 521 мың адам болды (жылына плюс 3,8%).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
И
Индира 05.04.2022
Алып отырған акшамыз. Жеткіліксіз өте аз соғанда. Қанагат деп отырмыз
Жауап беру
А
Аиса 05.04.2022
Ей шырағым аузы мұрның қисаимай қалай айтып отырсыңдар. Мынадай айлықты кім алады екен? Кім кімге беріп жатыр екен? Ұят қой масқара. Оттай бермесін.
Жауап беру
К
Күләнда 04.04.2022
Орташа айлық тап-таза өтірік!!! Айлығымыз жүз мыңға жетпейді.
Жауап беру
М
Маке 05.04.2022
Ия.... Больница қарыз деп 0,75 ставкага қол қойдырып фельдшер болып 43000 теңге алған күніміз де болған. Полный ставкамен 67000 алдық
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл