Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл алғашқы алты айда елімізде азық-түлік тауарларының құны 7,7 пайызға көтерілді. Мұндай өсім 2011 жылдан бері алғаш рет тіркелді.
Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда маусымда инфляция деңгейі 0,4 пайыз болды. Яғни елде тауар мен қызмет ақысы жылдам өсіп жатыр.
Мәселен, жыл басынан бері азық-түлік 7,3 қымбаттады. Оның ішінде еттің құны 6 жарым пайызға өскен. Салыстырмалы түрде қарасақ, соңғы төрт айдан бері қой еті айына екі пайызға қымбаттап келеді. Ал жылқы еті наурыз бен шілде арасында 6,3 пайызға өскен. Мұндай өсім соңғы сегіз жылдан бері алғаш рет тіркелді. Сондай-ақ жаздың алғашқы айында жарма 3 жарым пайызға қымбаттады. Көкөніс 2,4 пайызға өсті.
Жыл басынан бері азық-түлікпен қатар қызмет көрсету және өзге де тауарлардың құны екі жарым пайызға өсті. Оның ішінде медицина саласының қызмет ақысы 2,6 пайызға қымбаттаған. Ал дәрі-дәрмектің құны 0,8 пайызға көтерілді.