Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жылу бағасы қымбаттады
Жаңалықтар

Қазақстанда жылу бағасы қымбаттады

19.11.2021
1 мин
0
1172

Қазақстанда 2021 жылы жылу 7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Осы жылдың қазан айында осы қызметтің орташа тарифі Гкал үшін 3,5 мың теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың қазан айымен салыстырғанда 6,7%-ға көп. Ең үлкен өсім Ақтөбеде тіркелді – онда жылу 25%-ға, бір Гкал үшін 3,2 мың теңгеге дейін қымбаттады. Сондай-ақ, бағаның айтарлықтай өсуі Көкшетауда байқалды – 11,1%-ға. Мұндай деректер ұлттық статистика бюросында келтірілді, деп жазады LS.

Сонымен қатар, Шымкент пен Өскеменде тарифтер өзгерген жоқ, ал Түркістанда 38,8%-ға, 2,8 мың теңгеге дейін төмендеді.

Сондай-ақ, жылу құны Қостанайда – 11%-ға, 4,2 мың теңгеге дейін, Алматыда – 4,1%-ға, 4,8 мың теңгеге дейін және Павлодарда – 0,6%-ға, 2,4 мың теңгеге дейін арзандады.

Ең қымбат баға Атырау мен Шымкентте – бір Гкал үшін 5 мың теңгеден астам. Көкшетауда ең арзан жылу –1,8 мың теңге.

Сонымен қатар, табиғи монополияларды реттеу комитетінде тариф 60%-ға отын (газ, көмір, мазут) құнына байланысты екеніне назар аударылды. Егер солтүстікте бұл қызметтің негізі көмір болса, оңтүстігінде – мазут және табиғи газ. Сондай-ақ, бағаның өзгеруіне электр энергиясының, материалдар мен шикізаттың қымбаттауы, бөгде ұйымдардың тауарлары мен қызметтерінің құнының артуы, жылу желілерінің ұзындығы және басқалары әсер етеді.

Ағымдағы жылы жылумен жабдықтау саласында өңірлердегі табиғи монополиялар субъектілері тарапынан бірқатар орындалмаған міндеттемелер анықталды. Осыған байланысты аталған облыстар мен қалаларда қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 6,6 млрд теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді. Барлығы 103 табиғи монополия субъектісі бар. Бұл сол аймақтардың тұрғындары үшін тарифтерді сақтауға мүмкіндік берді.

"Шымкентте және Солтүстік Қазақстан облысында (Петропавл) тарифтер екі жыл бұрынғы деңгейде қалып отыр. Бұдан басқа, бірнеше қалада тарифтер 2019 жылға қарағанда төмен: Талдықорғанда – 7,75%, Қостанайда – 12,77%, Қызылордада – 14,47%. Нәтижесінде халық үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің өсуі орташа есеппен 10,54%- ға, өзге тұтынушылар үшін 1,04%-ға төмендеді. Басқаша айтқанда, тарифтер бұл көрсеткіштерге қарағанда жоғары болуы мүмкін", - деп атап өтті табиғи монополияларды реттеу комитетiнде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл