Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында 12 алтын медаль иеленді
Спорт

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында 12 алтын медаль иеленді

22.05.2025
1 мин
0
93
Сурет: ТСМ

Шри-Ланкада өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Жанкелді Ахметовтің жетекшілігіндегі Қазақстан қыздар құрамасы тамаша нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Финалға шыққан ұлттық команданың барлық 12 спортшысы қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл жарысқа Азия құрлығының 21 мемлекеті қатысты.

Атап айтқанда, Қазақстаннан бөлек Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Вьетнам елдерінің өкілдері 12 салмақ дәрежесінде жүлде үшін бақ сынады.

Жеңімпаз атанған қазақстандық боксшылар:
    •    48 келі – Айым Танкибаева
    •    50 келі – Сила Биболсынқызы
    •    52 келі – Рахмина Абдумежитова
    •    54 келі – Жанель Имантаева
    •    57 келі – Ақнұр Тұрсынғали
    •    60 келі – Толғанай Қасымхан
    •    63 келі – Алина Құдайгенова
    •    66 келі – Ақбота Есімбекова
    •    70 келі – Мария Сидоренко
    •    75 келі – Зарина Толыбай
    •    81 келі – Құралай Егінбайқызы
    •    +81 келі – Сабина Жақсылық.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл