Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар Австралияда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Австралияда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлдегер атанды

17.07.2023
1 мин
0
262

Австралияда робототехникадан алғаш рет Asia Pacific Open Championship ашық жарысы өтті. Оған АҚШ, Канада, Үндістан және Қытай сынды  әлемнің 10 мемлекетінен 300-ден астам қатысушы жиналды, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

FIRST Tech Challenge аға санатында Қазақстанның намысын Алматы қаласындағы РФММ мен Астанадағы Нұрорда мектебінің  командалары қорғап, алматылық Bolt.M3 командасы чемпионаттың күміс жүлдесі мен ең жоғарғы екі марапатқа ие болды.

USTEM Robotics қорының басшысы Асылбек Мырзахметовтың айтуынша, ұлттық құраманың қоржынына түскен күміс пен екі беделді марапат чемпионат қатысушылары арасында рекордтық көрсеткішке ие. Бұл команданың жоғары кәсібилігін және Қазақстан мен Орталық Азиядағы STEM дамуына қосқан үлесі жоғары екенін көрсетеді.

«Бізге Connect Award сыйлығы берілген кезде қатты қуандық, одан кейін Think Award және чемпионаттың күміс жүлдесін берген сәтті сөзбен айтып жіткізу мүмкін емес.  Мұндай жарыстар біз үшін үлкен тәжірибе, сондай-ақ кәсіби байланыс орнатудың, өз еліміздің бұл салада жақсы дамығанын өзгелерге көрсетудің мол мүмкіндігі. Жарыстың үш күні бойы матчтар арасындағы үзілістерде біз басқа елдердің қатысушыларымен ұлттық ойындарымызды ойнап, оларға қазақ тағамдарын ұсына отырып, еліміздің мәдениетімен таныстыруға тырыстық», - дейді команда капитаны Таир Каренеев.  

Естеріңізге сала кетейік, оқушылар осы жылдың ақпан айында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында халықаралық чемпионатқа жолдама алған болатын. Asia Pacific Open Championship-тегі жеңіс оқушыларға үздік шетелдік университеттерде білім беру гранттарына ие болуға жол ашады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
296
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл